386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Құдайберген мен Игорь Крутой жаңа әндерін ұсынады

  • 266
  • UPD: 15:23, 26.07.2019
Димаш Құдайберген мен Игорь Крутой жаңа әндерін ұсынады Sputnik Казахстан

Димаш Құдайберген мен Игорь Крутой жаңа әндерін ұсынады. Бұл туралы Ресейдің халық әртісі ТАСС агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің 26 қазан күні Нью-Йорктегі «Барклайс-центерде» өтетін мерейтойлық кешімде Димаш танымал болып үлгерген бес-алты таңдаулы әнді айтады, бұдан бөлек тағы біразының үстінде жұмыс істеп жатырмыз», - деді Игорь Крутой.

Композитордың айтуынша, Димаштың да оған көп көмегі тиіп отыр. «Оның контентін тыңдармандар асыға күтіп отырады. Ән шықты ма, ертеңіне таңертең 2 млн қаралым, 10 млн қаралым... Мен мұндайды бұған дейін көрген емеспін», - дейді музыкант.

Димаш Құдайберген тамыз айының аяғында Сочи қаласында Игорь Крутой ұйымдастырғалы отырған «Новая волна» фестивалінде, күзде Нью-Йорк, Мәскеу, Минск, Дюссельдорф қалаларында өтетін мерейтой концерттерінде өнер көрсетеді.

Бұдан бөлек, қазақ әншісі Ресейдің Санкт-Петербург және АҚШ-тың Нью-Йорк қалаларында жеке концертін өткізеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген әйгілі Лара Фабианмен дуэт орындайтынын хабарлаған еді.

Хабар 24 телеарнасы