386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бозоқ» тарихи-мәдени кешенінің нобайы таныстырылды

  • 183
  • UPD: 15:55, 26.07.2019

2022 жылы «Бозоқ» тарихи-мәдени музей қорығы көпшілікке есігін айқара ашады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін оның фор-эскизі көпшілікке таныстырылды. Сондай-ақ ашық аспан астындағы музейде бой көтеретін сәулет нысандарының цифрлық нұсқасы көрсетілді. 3D форматында жасалған сызбада архелогиялық парк бес елді мекенге бөлінген. Мұнда ботайдан, сақ, ғұн, түрік және Қазақ хандығы кезеңдеріндегі мәдениет пен салт-дәстүрді байқауға болады.

Айта кетейік, «Бозоқ» археологиялық ескерткіші 20 жылдан бері Есіл стационарлық археологиялық экспедициясымен зерттелуде. Жобаның негізгі мақсаты - ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетін таныту. Дала тарихын қалыптастыру оның жаңашылдығы мен жетістіктерін көрсету.

Ринат Құдысов, жоба авторы:

Жоба бірнеше аймақтан тұрады. Тарихи-мәдени аймақ. Биопарк, отбасылық демалыс орталықтары, әскери спорттық лагерь, Шығыс базарлары және қолөнершілер ауылы болады. Сондай-ақ қонақтардың келіп, сол жерде тұруына жағдай жасалады. Сақ кезеңіндегі монша, асханалар салынады. Ең алғаш жылқыны қолға үйреткен ботай мәдениеті де осы жерде таныстырылады.

Хабар 24 телеарнасы