386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ботай-Бурабай» археология-этнографиялық музейіне шетелден туристер келе бастады

  • 157
  • UPD: 09:13, 28.07.2019

Ақмола облысындағы «Ботай-Бурабай» археология-этнографиялық музейін былтырдан бері 8 мыңнан астам адам тамашалаған.

Олардың көбі мектеп оқушылары болса, арасында шетелдік қонақтар да бар. Көпшілігі ресейліктер. Жалпы аталған нысан Бурабайдағы Жекебатыр тауының етегінде орналасқан. Музей жеті бөліктен тұрады. Олар бір-бірімен жерасты өткелдері арқылы жалғасқан. Осыдан 6 мың жыл бұрынғы Ботай мәдениетінен сыр шертетін орын кім-кімді болсын таңқалдырмай қоймайды. Себебі әр бөлмеге археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған Ботай мәдениетіне тиесілі жәдігерлер, яғни сол дәуірде қолданылған тұрмыстық заттар қойылған. Дегенмен, музей, демалыс аймағының сырт жағында орналасқандықтан, халықтың көбі әлі біле бермейді. Сондықтан музей қызметкерлері, қазір келушілерді көптеп тартуға күш салып отыр.

Сәкен Қайыржанов, музейдің ғылыми қызметкері:

- Біздің негізгі мақсатымыз, осы «Ботай-Бурабай» археология-этнографиялық музейіне келушілердің қарасын арттыру. Осы Ботай музейін, өркениетін адамдарға таныстыру. Біз мектептермен де жұмыс жасап жатырмыз. Мектептерге барып сынып сағаттарын, осы Ботай мәдениеті жайлы конференцияларға қатысамыз. Осы музейімізд жаңғырту жұмыстарын бастап жүргізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы