386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжанда көшпенділер мәдениетінің халықаралық фестивалі басталды

  • 190
  • UPD: 13:15, 28.07.2019
Әзербайжанда көшпенділер мәдениетінің халықаралық фестивалі басталды

Мемлекет мұндай ауқымды шараны алғаш рет ұйымдастырып отыр. Фестиваль түркітілдес халықтар арасындағы қа­рым-қатынасты нығайтып, көшпенді елдер мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеуге негізделген.

Шараға  Қазақстан, Түркия, Қырғызстан мен Өзбекстан өкілдері келді. Дәстүрге сай қонақтарды Қорқыт ата қарсы алады. Түрлі ұлттық музыкалық ансамбльдер өнерлерін паш етіп, қолөнер шеберлері - тұрмыстық заттар жасаудың ежелгі дәстүрін ұсынды. Ат жарыс, садақ ату сияқты ұлттық ойын түрлері фестиваль көркін қыздырды.

Асқар Досалиев, фестивальге қатысушы:

- Бізге халықаралық фестиваль ұнады. Бәрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Мұнда Азияның көптеген елдерінен адамдар жиналды. Осындай шаралар жыл сайын өткізіліп тұрса дейміз.

Хабар 24 телеарнасы