386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық сазгердің әуені әлемдік футбол турнирінде ойналады

  • 211
  • UPD: 14:48, 28.07.2019
Қазақстандық сазгердің әуені әлемдік футбол турнирінде ойналады

«Реал», «Бавария», «Тоттенхэм» қатысатын әлемдік турнирдің музыкасын қазақстандық композитор жазды.

Отандық композитор әрі музыка әрлеушісі Сырым Нәбиқұловты «Audi Cup 2019» турнирінің ұйымдастырушылары арнайы шақырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белгілі сазгер «Audi Cup 2019» турнирінің композициясын жазу үшін шамамен 1 айға жуық тер төккен. Жаңа музыкалық туынды турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде және марапаттау сәтінде ойналады.

Айта кетсек, 30-31 шілде күні Мюнхеннің «Allianz Arena» стадионында «Audi Cup» екі күндік футбол турнирі өтеді. Оған әлемнің 200 елінен 1 млрд астам адам келеді деп болжанып отыр.

Хабар 24 телеарнасы