386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Junior Eurovision 2019» халықаралық байқауында 19 өрен бақ сынайды

  • 173
  • UPD: 21:02, 29.07.2019

Ержан Максим «Junior Eurovision 2019» байқауына қатысады. «Голос. Дети» жобасында көзге түскен жас дарын Польшаның Гливице қаласында өтетін ән сайысында Қазақстанның намысын қорғамақ.

Халықаралық ән байқауында биыл 19 өрен бақ сынайды.

Ержан Максимді жалпақ жұртқа таныстырудың өзі артық. Қазақ һәм Ресей эстрадасын бағындырған дарынды бала. Бес саусағынан өнер тамған өнерпаз өреніміз енді Балалар Евровидениесінде озықтардың ішінен озып шығуға барын салмақ. Өренді өнер сайысына «Хабар» Агенттігі алып бармақ.

17 жылдық тарихы бар өнер сайысы туралы қысқа да нұсқа. Бұл жолы мұнда 19 мемлекеттің әнші балапандары бабы мен бағын сынамақ. Джуниор Евровижн биыл Польшаның Гливице қаласында өтеді.

Қазақстан бұл ән байқауына былтыр Уэльспен бірге алғаш рет қатысты. Және ел намысын қорғау бақыты һәм міндеті дарынды Данэлия Түлешоваға бұйырған еді. Ал енді биыл Ержанға үміт артамыз.

Авторлары: Ж.Біркенов, Ә.Төлеміс

Хабар 24 телеарнасы