386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда өнерпаз жастарға арналған шеберлік сағаты өтуде

  • 279
  • UPD: 14:50, 30.07.2019
Петропавлда өнерпаз жастарға арналған шеберлік сағаты өтуде

Ағымдағы жылдың 29-30 шілдесі күндері Ұлттық дельфий комитеті «БӘЙТЕРЕК-FEST» ұлттық фестивалі аясында мәдениет саласындағы сарапшылар мен еңбек сіңірген қызметкерлер Петропавл қаласында өнерпаз жастарға арнап шеберлік сағатын өткізуде.

Лекторлар ретінде Халықаралық және Ұлттық дельфий комитетінің қазылар алқасының мүшелері, мәдениет саласының қызметкерлері шақырылған.  

Атап айтатын болсақ, музыкалық продюсер, вокал бойынша Ұлттық дельфий ойындарының қазылар мүшесі Мейіржан Әлиақбаров, «Астана Опера» опера және балет театрының актері, Селезнев атындағы xореографиялық училищенің түлегі Бейбіт Баянбеков, «Хабар» телеарнасының сурдоаудармашысы, Ұлттық дельфий ойындарының қазылар мүшесі Хасан Исраилов және белгілі дизайнер, киім дизайнының профессоры, Ұлттық және Халықаралық дельфий ойындарының қазылар мүшесі Қайролла Әбішев Петропавл қаласының жастары үшін дәріс оқыды. Сондай-ақ фестиваль аясында жаттықтырушылар шығармашыл жастарға менторлық қолдауды жүзеге асырады.

 «Ұйымдастырушылардың пікірінше, үш ең жарқын финалист Ұлттық дельфий комитетінің халықаралық шығармашылық жобаларына қатысу құқығына ие болады», – дейді Ұлттық дельфий комитетінің директоры, жоба жетекшісі Құралай Түспекова.

Жобаға 14-28 жас аралығындағы шығармашыл жастар қатыса алады.

Жоба аясында Ұлттық Дельфийлік қазылар алқасы қатарынан шеберлік сағатын еліміздің мәдениет қайраткерлері өткізеді. Осылайша, байқауға қатысушыларға менторлық қолдау көрсету жоспарланып отыр.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырушылар ерекше қажеттіліктері бар талантты жастардың арасынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтайды.

Фестиваль бағдарламасында мына аталымдар ұсынылып отыр:

  1. Хореография (халықтық, заманауи, эстрадалық би);
  2. Вокал (халықтық, эстрадалық, академиялық);

3.Ым-ишара тілінде орындау (соло, ансамбль, шағын нысанда);

  1. Бейнелеу өнері (жеке);
  2. Сәндік-қолданбалы өнер (жеке);
  3. Халық аспаптары (домбыра, қобыз, баян/аккордеон және т. б.);
  4. Театр өнері (қойылым үзінділері, миниатюралар, монологтар, скетчтер және т.б.);
  5. Электрондық музыка (клавишалық, қияқты және ішекті аспаптар);
  6. Киім дизайны;
  7. Ашық номинация (жеке номинациямен мәлімделмеген кез келген шығармашылық түрі).

Фестиваль ережесімен және жоба бойынша қосымша материалдармен https://yadi.sk/i/-SCggXLWc0VNEw сілтемесі арқылы таныса аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы