386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Орталық Азия таланттарды іздейді» жобасына іріктеу басталды

  • 191
  • UPD: 20:28, 31.07.2019

«Хабар» агенттігінің тағы бір жаңа жобасы – «Орталық Азия таланттарды іздейді» халықаралық байқауына қатысушыларды іріктеу басталды.

Ашық тыңдау осыған дейін Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанда өткен болатын. Шоуға кез келген дарынды жан қатыса алады. 

Бүгін Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театры түрлі өнер иелеріне лық толы. «Орталық Азия таланттарды іздейді» жобасына қатысуға келген үміткерлер ашық тыңдау алдындағы соңғы дайындығын пысықтауда. Биші қыздар қимылдарын, сыйқыршылар қойылымдарын қайталап жатыр. 

Айтжан Егембердиев, иллюзинист:

– Шоуға келіп, бағымызды сынап, басты мақсат ұту емес, өнерімізді осындай жануарлармен иллюзия көрсететін өнеріміз бар, деп қарапайым халыққа көрсеткіміз келеді. Және де осындай талант шоу бағдарламалар көбірек болса екен деп ұйымдастырушыларға айқым келеді.

«Орталық Азия таланттарды іздейді» жобасы – әлемдегі ең танымал теле бағдарламардың бірі. Тіпті Гиннестің рекордтар кітабына енген. Жыл сайын жетпістен аса мемлекетте дәстүрлі өтіп тұрады. Бұл жоба біздің елімізде алғаш рет өткізілгелі отыр. Оған Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғыз елінің таланттары да қатыспақ. 

Нұржан Жұмашев, «Central Asia`s got talent» жобасының продюсері:

– Жоспар бойынша іріктеліп алынған сегіз үміткер қорытынды сынға жолдама алады. Ол жерде топ болып қатысатындар да бар. Әр елден үздік деген төрт жеңімпазды таңдап аламыз. Қорытынды сында Орталық Азия бойынша жүзден жүйрік деп танылған ең дарынды өнерпазға 10 миллион теңге сыйақы табысталады. Қалған төрт қатысушы 3 миллион теңгені бөліп алады. 

Талай елдің көрермендерін тамсандырған жобаның біздің еліміздегі соңғы сайысы 22 желтоқсанда өтеді. Ол «Хабар» арнасының тікелей эфирі арқылы Орталық Азия елдеріне де көрсетіледі. Айта кетейік, бұл шоуға мың жарымнан аса адам қатысуға ниет білдірген.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы