386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан мен Әзербайжан қолөнершілері ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды

  • 129
  • UPD: 18:01, 01.08.2019

Түркістан қолөнершілеріне өз бұйымдарын өткізуге жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр. Облыс әкімшілігі Әзербайжанның АБАД деп аталатын мемлекеттік ұйымымен бұл жөнінде ынтымақтастық құжатына қол қойды.

Әзербайжандағы АБАД ұйымы өз кәсібімен айналысатын отбасыларға қолдау көрсетеді. Негізінен ол қолөнершілерді біріктірген. Енді олар өз бұйымдарын қайда өткізуді уайымдамайды. Түркістан - қолөнері дамыған ірі туристік орталық. Осындай үлгілерді қолдану жергілікті жастарды өз кәсібін ашуға ынталандыруы мүмкін. 

Турана Гасымова, АБАД өкілі:

- Қол қойылған хаттаманың мақсаты екі ел арасында мәдени алмасуды дамыту. Атап айтқанда, біз қолөнер саласында бірлесіп жұмыс істеуді көздеп отырмыз. Қазақ мәдениеті өте бай. Ең алдымен қолөнершілерді біріктіріп, қолданылып жүрген үлгілерді пайдалануды ынталандырамыз.

Әзербайжан қолөнершілері мен АБАД ұйымының өкілдері жылдың аяғына дейін Түркістанға баруды көздеп отыр. Сапар барысында тәжірибесімен бөлісіп, ынтымақтастық орнатудың жолдарын қарастырмақ. 

Турана Гасымова, АБАД өкілі: 

- Қазір Түркістанда ежелгі түркі мәдениетін  насихаттау бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Қолөнершілер орталығын ашу көзделген. Онда шеберлер үшін барлық жағдай жасалады. Олардың бұйымдарын өткізу және нарыққа шығару бойынша бірлесіп еңбек атқарамыз.

Әрине кәдесыйлар мен қолөнершілер өнімдері негізінен жергілікті нарықта  туристерге сатуға арналған. Алайда болашақта екі елдің шеберлері жасаған өнімдерді бірлесіп өткізу жоспарда бар.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы