386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Максим «Junior Eurovision» байқауына дайындық үстінде

  • 209
  • UPD: 19:40, 03.08.2019

Белгілі жас әнші Ержан Максим балалар мен жасөспірімдер арасында өтетін «Junior Eurovision» байқауына қатысады.

Конкурс 24 қарашада Польшаның Гливице қаласында өтеді. Ән қоржынында қандай шығармалардың болатыны әзірге белгісіз. Сондай-ақ бүгінгі таңда Ержанға арнап композиторлар жеке туынды жазуда. Әншінің анасы Гүлмира Әлібектің айтуынша, нақты мәлімет тамыз айының соңында белгілі болады. Айта кетейік, Ержанның «Junior Eurovision» байқауға қатысуы «Хабар» Агенттігінің Еуропалық хабар тарату одағына мүше болуы және екіжақты жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде мүмкін болды. 

Ержан Максим, әнші:

– Дайындық әзірше жақсы. Репертуар жағын әлі таңдаған жоқпыз. Енді елімнің үмітін ақтаймын деп ойлаймын. Осы «Junior Eurovision» байқауын жеңсем бе деп ойлаймын. Үміттенемін.

Хабар 24 телеарнасы