386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экспедиция мүшелері құлпытастардағы көне жазуларды зерттемек

  • 122
  • UPD: 12:36, 06.08.2019
Экспедиция мүшелері құлпытастардағы көне жазуларды зерттемек

Рамазан Сүлейменов атындағы шығыстану институтынан аттанған экспедиция Ақтөбе облысына жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғалымдар өңірдің бірнеше аудандарында болып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Әсіресе, тасқа қашалған көне жазуларға қызығушылық басым. Мәселен, Қобда аудандағы XIV-XV ғасырлардан қалған Абат Байтақ кесенесінің айналасында 200-ден астам құлпытас бар. Қарғалы өзенінің бойындағы XVII ғасырдың ескерткіші, сондай-ақ Мұғалжар ауданындағы Жұбановтар әулеті қорымындағы жазбалар да тарихтан сыр шертеді. Ақтөбенің айналасындағы киелі орындар да зерттеледі. Бұл маңда ежелгі сармат дәуірінің қорғандары орналасқан. Жоба «Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті» атты ғылыми бағдарлама аясында жүзеге асады.

Бекарыстан Мырзабай, өлкетанушы:

- Даламызда әсіресе, XVIII-XIX ғасырларда жасалған құлпытастағы араб әріптерінің мәтіндері бар. Олардың барлығы XX-XXI ғасырдағы оқырман үшін оқуға түсінуге болатын нәрсе емес. Енді осы құлпытастағы араб мәтіндері оқылып, қазіргі тілімізге, қазіргі әріп таңбамызға латыншаға, кириллицаға аударылып, жарық көрмек деген үміттеміз.

 

Хабар 24 телеарнасы