386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абай шығармалары челленджін этномәдени бірлестіктер қолдады

  • 130
  • UPD: 10:25, 06.08.2019
Абай шығармалары челленджін этномәдени бірлестіктер қолдады

Семейде хакім Абайдың 175 жылдығын тойлау аясында «Айша бибі» қазақ ұлттық мәдени орталығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған поэтикалық эстафетаны қабыл алып, челленджді әрі қарай жалғастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара қатысушылары әдеби эстафетаны «Өз халқының ұлы, бүкіл адамзаттың ұлы» деп атады. Достық үйінде ұлттық тағамдар әзірленіп, әжелер ұлы ақынның өлеңдерін оқып, ән шырқады. Олар Абай шығармаларын оқып, кезекті казак этномәдени бірлестігіне жолдады.

Орал Шәріпбаев, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы:

- Абайдың өлеңдерінен байқау басталып жатыр. Оны мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі тікелей қолдады. Әлемде Абайға насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл – Абайды бүкіл әлем танып, біліп жатыр деген сөз. Бұрыннан да Абайдың кім екенін әлем біледі.

Хабар 24 телеарнасы