386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қапшағайдағы ретрокөрмеге Д.Қонаев мінген көлік қойылған

  • 100
  • UPD: 15:05, 06.08.2019

Алматы облысының тұрғындары Қапшағайда ретрокөліктер көрмесі ашылғанын жақсы біледі. Ол «Алматы – Өскемен» жолының бойында орналасқандықтан кеңестік кезеңде шыққан темір тұлпарларды тамашалаушылар қатары көбейіп келеді.

Қазақтың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың «Чайкасы» да осы музейде тұр. 

Салонға негізінен өткен ғасырдың 50 жылдарында шыққан жеңіл автокөліктер қойылған. Оны қапшағайлық кәсіпкерлердің бірі ашты. «Ескі көліктерді жинаудан басталған бұл хоббиым раритет-техникалар көрмесін ашумен аяқталады деп еш ойламаппын. 15 жылдың ішінде көптеген ескі автокөліктерді қалпына келтірдік. Ол темір тұлпарларды халық көруі керек қой», - дейді кәсіпкер.

Мұрат Сергебаев, кәсіпкер:

-Барлық көліктерді металлоломнан құрастырдық. Біз бірде біреуін сатып алған жоқпыз. Бағамдай білген кісіге бұл тарих. Адамдар келіп, ескі көліктердің жанында суретке түсіп жатады. Өте қуаныштымыз. Мұндағы әр автокөліктің өз тарихы бар.

Қазақтың біртуар перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың «Чайкасын» да осы жерден тамашалай аласыздар. Ол оны 1985 жылға дейін мінген. Мұрат Сергебаев оған «Додж» автокөлігінің қозғалқышын орнатыпты. Бір айта кетерлігі, көрмедегі ретро-автомобильдердің барлығы жүріп тұр.

Данияр Ыбыраев, Қапшағай қаласының тұрғыны:

-Менің ойымша бұл көрмені «Өткен жылдар жаңғырығы» деп атауға да болатын сияқты. Осындай адамдардың бар болғаны қандай жақсы. Әйтпесе, жас ұрпақ бұрын қандай машиналар болғанын білмейді. Сапасы керемет қой олардың.

Әділ Байғалиев, Талдықорған қаласының тұрғыны:

- Талдықорған мен Алматының арасында жиі қатынаймын. Ретро-автомобильдер салонын ары-бері өткен сайын көретінмін. Бүгін осында бір кіріп шығайыншы деп шештім. «Москвич», «Волга», «Запорожец, тіпті, мотоциклдердің де түр-түрі тұр. Өзіме қатты ұнады.

Салоннан ретрокөліктер мен мототехниканы ғана емес, өткен ғасырда шыққан магнитафон, фотоаппарат, музыкалық аспаптарды да көруге болады.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы