386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Орталық Азия таланттарды іздейді». Қатысушылар қазылар алқасының алдында өнер көрсетті

  • 130
  • UPD: 20:39, 06.08.2019

«Орталық Азия таланттарды іздейді» байқауына қатысушылар халықаралық қазылар алқасының алдында өнер көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бұған дейін жобаның ашық іріктеу кезеңінен өткен болатын. Енді қазылар алқасының сынынан кейін жартылай финалға жолдама алады. Мұндай іріктеу кезеңі Өзбекстан, Тәжікстанда да өтті. Біздің елімізден кейін қырғызстандық өнерпаздар жобаның екінші кезеңін еңсереді. Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемге танымал бұл жоба елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жобаның соңғы сайысы 22 желтоқсанда «Хабар» арнасының тікелей эфирі арқылы Орталық Азия елдеріне де көрсетіледі. Қорытынды сында Орталық Азия бойынша жүзден жүйрік деп танылған ең дарынды өнерпазға 10 миллион теңге сыйақы табысталады.

Хабар 24 телеарнасы