«Абай: жаңаша үлгідегі басылым». Семейде осындай атпен екі томдық кітаптың тұсаукесері өтті.
Туынды «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абайдың 175 жылдығына орай жарық көрген. Авторы – философия ғылымдарының кандидаты Асан Омаров. Кітапта Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен оның тарихы жазылған. Мазмұнының ерекшелігі – хронологиялық ретпен түзілген. Тың туынды әзірге 100 дана тиражбен жарық көрді.