386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әнші Индира Расылхан ауруханаға түсіп қалды

  • 356
Әнші Индира Расылхан ауруханаға түсіп қалды

Қазақстандық белгілі әнші Индира Расылхан шұғыл ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәліметті әншінің әкімшісі растады. Әншінің өкілі оның ауырсынып, 6 тамызда Алматыдағы ауруханалардың біріне кешкі сағат 19:00 шамасында шұғыл жеткізілгенін хабарлады. Әкімшінің айтуынша, өнерпаздың іш құрылысындағы ауруы көп уақыттан бері мазалап келген. Қазіргі уақытта дәрігерлер консилиум өткізіп жатыр екен. Оның қорытындысы бойынша шешім шығады. Алайда әлі операция жасалған жоқ деген өкілі әншінің қазіргі жағдайы тұрақты екенін айтты.

Индира Расылхан шұғыл ауруханаға жеткізілгенін өзі де Instagram желісінде жазды.

«Жақсы ниеттеріңізбен дұға жасасаңыздар риза болар едім! Алла Тағалам мені тағы сынады. Мен барлық қиындықты жеңіп шығамын! Сенім, үміт, бақыт, Аллама тапсырдым. Дұға-тілек біреуге тілесең, 100 есе өзіңе қайтарылады! Құрметті оқырмандарым, бір минуттарыңызды бөліп маған дұға жасап қойыңыздаршы. Сіздермен тағы кездесіп, тілдессем арманым жоқ! Мен операция жасатуға сіздердің дұғаларыңызбен аттанамын!», – деп жазды әнші.

Хабар 24 телеарнасы