386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлытаудағы бірегей археологиялық ескерткіштер жойылып кетуі мүмкін

  • 146
  • UPD: 22:59, 07.08.2019

Көне заманнан жеткен нысандарды су шайып жатыр. Ежелгі металлургтердің қонысын толық зерттеу үшін шағын экспедиция аздық етеді. Ал қазба жұмыстарына қосымша қаражат қажет. 

Бұл жердегі тас қабырғалар - көне заманда металл балқытылған пештер. Археологтардың айтуынша, Талдысай ауылының маңындағы көне ескерткіш әлемдік металлургияның тарихын зерттеуде айрықша маңызға ие. 

Айдар Ысқақов, Ұлытау қорық-музейінің ғылыми қызметкері:

- Бұған дейін Милықұдық, Сорқұдық сияқты кезінде үлкен қоныс орындары болған. Кейін шахтаның кеңеюіне байланысты көбісі жойылып кеткен. Ал бұл Талдысай қоныс орнының бір 50-60 шақырым Жезқазған қаласынан алыс орналасуына байланысты қазір өте жақсы сақталғанын қарауға болады. Жалпы бұл жердегі ерекшеленетіні шахта тектес пештердің табылғандығы, жерасты. 

Ескеркіш 1994жылы ашылып, күні бүгінге дейін зерттеп жатыр. Біздің заманымызға дейін 2,5 мың жыл бұрын металлургиялық комбинат жұмыс істеген. Ежелгі кеншілер мыс кенін балқытудың толық циклін іске қосқан. Бұған осы жерден табылған ондаған пеш дәлел. 

Антонина Ермолаева, археологиялық экспедиция жетекшісі:

 - Қоныс орнында жерүсті пештері бар. Яғни шахталық пештер бірден пайда болған жоқ. Қарапайым типтер сынақ ретінде пайдаланылған. Бір сөзбен айтқанда, кен балқытылған пештердің даму кезеңдерін көруге болады.

Көне заманда жаңа металлургиялық технологияның пайда болуына жергілікті өңделуі күрделі кен орындары сеп болған. Екі өзеннің бір арнаға тоғысқан аумағының сазды топырағынан пеш салу мүмкін болмады. Сол себепті оларды жердің астында орналастырған. 

Бұл шағын өзендердің сулары көне қонысты жойып жіберуі әбден мүмкін. Археологтар осы мәселеге алаңдаулы. Мамандардың айтуынша, бірегей елді мекенді зерттеу үшін үлкен экспедицияны жұмылдыру қажет. 

Авторлары: Юлана Чаус, Ақмарал Есімханова, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы