386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


С. Дөнентаевтың 125 жылдығы туған жерінде атап өтілді

  • 124
С. Дөнентаевтың 125 жылдығы туған жерінде атап өтілді

Биыл танымал ақын, журналист, сатирик, аудармашы, балалар әдебиетінің негізін қалаушы Сәбит Дөнентаевтың туғанына 125 жыл, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақынның мерейтойы өзі туып өскен Ақсу ауданының Құркөл ауылында тойланды. Сәбит Дөнентаев өзін Ұлы Абайдың шәкірті санаған. Оның шығармашылығын бойына терең сіңіріп, суреткерлігіне еліктеп өскен. Алғашқы өлеңі «Қиялым» деген атаумен 1913 жылы баспадан шыққан екен. Көзі тірісінде мысалдарын, өлеңдерін жинақ ретінде шығаруға мүмкіндігі болмапты. Жалпы Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығын зерттеумен айналысып жүрген ғалымдар оның өлеңдерін сан салаға бөлуге болады дейді. Сәбит Дөнентаев – 10-нан астам әңгіме, 20 шақты очерк, 50-ден аса фельетонның авторы.

Айман Зейнулина, филология ғылымдарының кандидаты, профессор:

– Күн тәртібінде Сәбиттану, Сәбит Дөнентаев шығармашылығын тану енді бастау алды. Осыны біз жан-жақты бүгінгі ұрпаққа танытуымыз керек. Мысалы өкінішке орай біздің оқу бағдарламамызда қазір «Көркемтай» әңгімесі оқылмайды. Бүгінгі күнге жаңағы әкім қаралардың жаңағы жемқорлыққа байланысты, халықтың әл-ауқатын жақсартуға байланысты жазған үлкен-үлкен әдемі өлеңдері бар, соның бәрі шығарылмай жатыр. Осыны біз қайтадан шығарып, елге танытуымыз керек,

Светлана Құндыкерева, Ақсу қаласының құрметті азаматы:

– Ресейде туып өссемде Сәбиттің өлеңдерімен, жалпы қазақ тілінің мәйегіне сусындап өстім. Сонымен бірге ол кісінің қоғамдағы келеңсіздіктерді сынап айтқан бүкіл өлеңдері қоғамшыл болып өсуіме де үлкен әсерін тигізген еді. Сондықтан Құркөл өңіріне, Құркөл ауылының азаматтарына бір кісідей бірігіп өткізіп жатқан тойларына қайырлы болсан айтамын.

Хабар 24 телеарнасы