386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Күзде Top Jargan жобасының екінші маусымы басталады

  • 165
  • UPD: 23:08, 08.08.2019

Top Jargan халықаралық музыкалық шоуы өз жалғасын тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жобаның екінші маусымы жақын арада «Хабар» арнасында көрсетіледі. Іріктеу қалай жүргізілді? Биыл жобада қандай өзгерістер бар? 

Мұхит асып келген Хавьер Ромеро қазақ тілін білмесе де, қазақтың тойында жиі айтылатын «Қызыл өрікті» жаттап алған. Top Jargan-ның бірінші маусымын тамашалаған ол жобаның жалғасатынын білгенде бірден қатысуға бел буған.

Хавьер Ромеро Лицерна, қатысушы:

– Мен конкурсқа өз музыкаммен бөлісу үшін келдім. Көрермендерді кубалық әуендермен таныстырғым келеді. Ал қазылар алқасын тек өзіме тән нақышпен ән айып, би билеп таңғалдырамын деген үміттемін.

Top Jargan-ның екінші кезеңі талай қызыққа толы болмақ. Биыл музыкалық конкурстың ауқымы да кеңейген. Қатысушылардың қатарында Испания, Грузия, Қырғыз Республикасының өнерпаздары бар.

Нұргүл Есенгелді, Top Jargan шоуының редакторы:

– Іріктеу кезеңінде де, қазіргі кезеңде де қазылар алқасы үшін ең мықтыны таңдау қиындық туғызып жатыр. Өйткені әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар, өз бағыттары бар. Сондықтан оңай емес.

Тағы бір айта кетерлігі, жобаға тек кәсіби әншілер алынады. Жарыстың өзгелерден айырмашылығы да осы. Биыл іріктеу кезеңіне қатысуға 500-ден астам адам ниет білдірген. Олардың 70-і сыннан сүрінбей өтіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Айдын Жұмабаев, қатысушы:

– Өзімізді сынап көрейік деген ниетпен бүгін бастағалы отырмыз. Бірінші әнге Кеңес Дүйсекеевтің «Өкінбе сен» деген керемет әнін орындаймын. Екінші Рей Чарльз деген керемет орындаушы бар, соның Georgia on My Mind әнін орындаймын.

Жобаның жеңімпазы кәсіби студияда ән жазып, клип түсіруге мүмкіндік алады. Үздік орындаушыны қазылар алқасы мен көрермендер бірлесіп анықтайды.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы