386,91 428,03 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Отырар тарихына арналған көрме ашылды

  • 173
  • UPD: 15:37, 10.08.2019
Алматыда Отырар тарихына арналған көрме ашылды

Орталық мемлекттік музейде Отырар қорғанысының 800 жылдығына арналған «Қамалы бекем, халқы қайсар – Отырар» тақырыбында көрме ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отырар – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан ортағасырлық қалалардың ең белгілісі. Тарихшылардың айтуынша, шаһардың алғашқы топографиялық картасы 1903 жылы жасалған. Ал көне қаланы зерттеуге бағытталған алғашқы ғылыми негіздегі қазба жұмыстар 1904 жылдары басталды. Төрт бөлімнен тұратын көрмеде билеуші Әмір Темірдің дәуірінен бастап Қазақ хандығы тұсындағы Отырардың даму кезеңдерінен хабар беретін бірегей, түпнұсқа заттар мен деректер қамтылған. Тарихи көрме 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Набира Төрежанова, ҚР Орталық мемлекеттік музейінің ғылыми қызметкері:

– Бұл көрмеге 200-ге жақын артефактілер, археологиялық табылған заттар қойылған. Көрменің мақсаты Отырар алқабындағы алғашқы қоныстардың пайда болуынан бастап, Қазақ хандығының құрлығанына дейінгі артефактілер қойылды. Ол жерде қазір жалғасып жатыр, басқа да біздің жобаларымыз бар. Сол жобалар бойынша қазба жұмыстары жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы