386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Леонард Кошут Абайдың 20-дан аса өлеңін неміс тіліне аударған

  • 138
  • UPD: 15:36, 10.08.2019

Ұлы Абайдың шығармашылығы Германияға да кең танылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Неміс оқырмандарына дарынды аудармашы, әрі әдеби сыншы Леонард Кошут қазақ ақынының бірегей туындыларын тарту етті.

Ол жүзден астам жазушы мен ақынның туындыларын неміс тіліне аударған. Олардың арасында Сергей Есенин, Михаил Лермонтов пен ұлы Абай бар. Леонард Кошут Абайдың 20-дан аса өлеңін Гёте тіліне тәржімалаған. Осы еңбегі арқасында неміс халқы қазақ әдебиетімен етене таныса алды. 

Леонард Кошут, аудармашы, әдебиеттанушы:

– Қазақ ақыны Абайдың шығармаларын аударғанымды мақтан тұтамын. Кітапқа енген өлеңдерін тәржімалау үшін 3 жыл бойы еңбек еттім. Бұл жай аударма емес, ақынның туындыларын түсініп, жаныңмен сезінуің керек. Тарихы мен мәдениетін ұғуың қажет. Қазақ тілін білмейтінімді ескерсек, бұл маған оңай болған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы