386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абай шығармаларын оқу эстафетасын ресейліктер жалғастырды

  • 131
  • UPD: 22:49, 10.08.2019

Абай шығармаларын оқу эстафетасын ресейлік әртістер, қоғам қайраткерлері мен саясаткерлері жалғастырды.

Ұлы ақының өлеңдерінің бірін Ресей президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастығы бойынша арнайы өкілі Михил Швыдко оқып берген болатын. Сөйтіп ресейліктер де Абайдың шығармасымен етене жақын танысуда.

Шолпан Жанайдарова Мәскеуде туып өскен. Қазір Ресей астанасындағы жоғарғы орындарының бірінде режиссерлік мамандығы бойынша білім алады. Оқуын аяқтауға жақын. Дипломдық жұмысын тарихи отанымен байланыстыруды ойлап, Абай Құнанбаев туралы деректі фильм түсіруге кіріскен. 

Шолпан Жанайдарова, студент:

- Мен Абайдың туған күніне орай сый дайындағым келді. Қазір сценарийдің соңғы нұсқасын жазу үстіндемін. Ұлы ойшылдың еңбектерін тізбектеп қана қоймай оның шығармашылығын жаңа қырынан зерттеп көрсетпекпін.

Шолпан Абайдың өлеңдерін аудармадан оқиды. Ал қазақ диаспорасының жас өкілдеріне классиктің туындыларын түпнұсқадан оқуға ақын Жарқын Өтешова көмектеседі. Ол қазақ тілін бала зердесіне Абай шығармашылығы арқылы тоқиды.

Жарқын Өтешова, «Астана» халықтар достығы қорының президенті:

- Он тоғызыншы ғасырда өмір сүрген Абайдың қара сөздері өзінің дәрежесінде.  Мысалы, 25 сөзінде ол айтады, өзге тілді біл, өзге елдің мәдениетін үйрен, сонда өзінің кім екенінді танисың, және өз еліңді басқа елдерге таныстыра аласын.

Мәскеудегі Чистый пруд бағында Абай Құнанбаевтың ескерткіші тұр. 13 жыл бұрын орнатылған ұлы ойшылдың мүсіні мұндағы қазақ әдебиеті жанашырларының бас қосар орнына да айналып үлгерген.

Авторлары: Дана Нуржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы