384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжандықтар Абай Құнанбаевты өз ақынындай қабылдайды

  • 422
Әзербайжандықтар Абай Құнанбаевты өз ақынындай қабылдайды

Соңғы жылдары Әзербайжанда ақын Абай Құнанбаев туралы көптеген зерттеулер жарияланып, оның өлеңдері Әзербайжан тіліне аударылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал ұлы ақының қазақ әдебиетін дамытуға сіңірген еңбегі жоғарғы оқу орындарында оқылады.

Әзербайжандықтар Абай Құнанбаевты өз ақынындай қабылдайды. Өйткені оның шығармашылығы түркі халықтарына тән лирикаға негізделген. Қазақ классигінің туындылары әзербайжан тіліне алғаш рет 1936 жылы тәржімаланыпты. 

Фируза Агаева, филология ғылымдарының докторы:

– Құнанбаевтың өлеңдерін алғаш рет Гейдар Оруджаев аударды. Бірақ ол 1938 жылы қуғынға ұшырап, қолжазбасы басылмады. Дегенмен құнды жазбалар сақталып 2000 жылы «Улдуз» басылымында жарық көрді.

Рамиз Аскер, филология ғылымдарының докторы:

– Баку мемлекеттік университетінде Абай шығармашылығы оқытылады. Ал мына кітап студенттердің қажеттілігіне сай дайындалған. Бірақ біз ақынның өлеңдерін мектеп бағдарламасына да енгізуді қалаймыз. Өйткені Абай - түркі халықтары тарихындағы ерекше тұлға.

2011 жылы Бакуде Абай атындағы қазақ мәдениетін үйрену орталығы ашылды. Онда 8 жылдан бері поэзия, қазақ әдебиеті күндері өткізіліп, қазақ жазушыларының шығармалары таныстырылады. 

Фатима Дурсунова, қазақ мәдениетін зерттеу орталығының жетекшісі:

– Біздің орталық Абай Құнанбаевтың мерейтойына орай түрлі шара өткізу жоспарлаған. Сондай-ақ ұлы ақынның өлеңдерін оқу эстафетасына қатысты.

Айта кетерлігі, Бакудегі ең ірі көшелердің бірі Абай Құнанбаевтың атымен аталады. Әзербайжандықтардың ұлы ойшылға деген құрметін осыдан-ақ байқауға болады. 

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы