385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да зейнеткер өз ақшасына музей ашты

  • 127
  • UPD: 22:40, 13.08.2019

Батыс Қазақстан облысының шалғай ауылында тұратын зейнеткер өз қаржысына тарихи-өлкетану музейін ашты.

Мұнда ұжымдастыру, саяси қуғын-сүргін және Отан соғысы кезеңіндегі ауыл тарихы көрініс тапқан. Мұражай аумағындағы «Ана мен бала» монументі қазір кейінгі жас буын тағзым ететін тағылымды мекенге айналып үлгерген. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ашылған музейде 15 шақты ауыл тұрғыны жұмыс істейді.

Жасы сексеннен асқан Кәрім Өтеғұловтың есімі өңір тұрғындарына жақсы таныс. Қазына кеуделі қария бар қажыр-қайратын өлкенің өркендеуіне жұмсады. Іскер басшының әсіресе тұралаған шаруашылықтарды қайта түлетудегі еңбегі бір төбе. Зейнет жасына жеткен соң асыл тұқымды мал басын көбейтіп, кәсіпкерлікке ден қойды. Ұрпақ тәрбиесін де ұмытпай, ел ішінде көздің қарашығындай сақталған көне бұйымдарды жинауға кірісті. Қазір ауыл музейінде 3 мыңнан аса құнды жәдігер сақтаулы.

Қыдыр Әбдірахманов, Ақпәтер ауылының тұрғыны:

- Жалпақтал өңіріне келген қонақтар естіп осы жиі мекемеге бас сұғады, риза болып кетеді. Өңіріміздің кен байлықтары мен табиғи өсіп-өнетін өсіп-өнетін аң құстарымен танысып өздеріне қажетті  мәліметтерді алып отырады. Жалпы енді музей жас ұрпақ үшін пайдасы мол деп есептейміз. 01:50 

Кәрім Өтеғұлов,  Ақпәтер ауылдық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі:

- Аудан бойынша лагердегі оқушылар келеді. Аудандық лагерден 91 оқушы қатысты. Ауылдың адамдары, сосын басқа мектептің оқушылары лек-легімен келіп тұрады графигімен. Той болса басқа жақтан келген адамдар келіп көреді, қатынасады. Мұның бәрі де болашағымыз үшін. 

Мұражайды жасақтауға кәсіпкер 13 миллион теңге қаржысын құйған. Кейін дайын музейді мемлекетке еш ақы-пұлсыз сыйға тартатынын, дегенмен, әлі де дамыта түсетін тұстарының бар екенін айтып жоғарыға хат жазған. Өңір басшыларының қолдауымен келер ұрпақ үшін тағылымы мол нысан бүгінде облыстық музейдің филиалына айналды. Мына қосалқы ғимаратты салуға облыс бюджетінен 64 миллион теңге бөлінді.

Бекзат Мәуленқызы, музей қызметкері:

- Қайта жөндеуден өткеннен кейін бұл жерде біз ҰОС оралғандарды да тылда еңбек еткендерді де қосып осылай етіп жасап шығардық. Бұл енді ана мен бала монументінің тарихына келетін болсақ ескерткіш киіз үй тәрізді жасалған. Бұл жерде ана мен киіз үйден жолға қарап отырған бағытта. Ана өзінің жолдасын күтіп отыр соғыстан оралады деп, бала әкесін күтуде. Бұл жаңағы өте зиялы жер. Осы жерге келіп тұрмысқа шығатындар үйленгендер де тағзым етеді.   

Музей аумағына 300-ден аса жеміс ағашы егілген. Көбін Кәрім Өтеғұлов Әзірбайжан елінен өзі әкеліпті. Саналы ғұмырын туған ауылын түлетуге арнаған қарияның жоспарлары мұнымен бітпейді. Жыл соңына қарай мына жерде барлық керек-жарағымен қамтылған 12 қанатты киіз үй бой көтереді.  Ал, мына алаңқайда жасақталатын аспан асты мұражайына соғыс жылдарында пайдаланылған тұрмыстық құрал-жабдықтар мен көне ауыл шаруашылық техникаларын қою жоспарда бар. 

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы