386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық режиссерлер қаншалықты қолдауға ие

  • 231
  • UPD: 07:24, 14.08.2019
Қазақстандық режиссерлер қаншалықты қолдауға ие

Қазақ тіліндегі толық және қысқа метражды кино туындыларға мемлекеттен қолдау жоқ.

Жас режиссерлерге қаражаттың қолбайлау болуынан тың дүниелер мен сценарийлер сандықтың түбінде қалып қояды, - дейді шымкенттік режиссер Серік Таласов. Ол осыған дейін демеушілер мен өнерге жанашыр азаматтардың қолдауымен 18 қысқа метражды және 2 толық метражды көркем фильм түсіріпті. Серіктің туындыларының дені өмірден алынған. Оның фильмдері кинотеатрларда көрсетілмесе де, жұрт іздеп жүріп көреді. Режиссердің айтуынша, елімізде тәуелсіздік алған тұстан кейін кино саласы жақсы дамып келе жатыр. Отандық киноиндустрияның қазіргі деңгейі сапа жағынан да, түсірілім жағынан да әлдеқайда жоғары.

Серік Таласов, «Talas Film» киностудиясының директоры, режиссер:

– Қазақ киносы дамып келе жатыр деп айта аламын. Елбасымыздың өзі арнайы кино саласын дамытыңдар деп тапсырма берген. Жалпы бәсекелестік бар. Дегенмен қолдау жоқ. Демеушілер болып жатса нұр үстіне нұр болады. Дәл қазір менде 40 сценарий дайын.

Хабар 24 телеарнасы