386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық киноөндіріс: мұңы мен міні

  • 63
  • UPD: 10:17, 14.08.2019

Елордада «Астана фильм» киноорталығы салынады деген ақпарат шыққан болатын.

Кейін БАҚ өкілдері «Қазақфильмге» ұқсас жаңа киностудияның құрылысы кейінгі шегерілді деген ақпарат таратты. Жаңа жоба отандық киноиндустрияға қалай әсер етеді. Саланың дамуын не тежеп тұр.

Отандық фильмдердің 95% Алматыда түсіріледі. Осы ретте Қазақстанға жаңа киноорталық қажет пе? Отандық киноиндустрияны дамыту үшін не істеу керек? Оның жауабын сала мамандарынан сұрап көрдік. Продюсер Ернар Құрмашев, елімізде жаңа студияларды салғанша, өңірлерде кинотеатрлардың санын арттыру қажет деп есептейді.

Ернар Құрмашев, кинопродюсер:

– Кинозалдардың жетіспеуінен кіріс көлемі аз болып тұр. Бұл мемлекет қаржысы есебінен түсірілетін фильмдерге де, жеке инвесторлардың қаржысына түсірілген фильмдерге де қатысты. Саладағы нарық көлемі 50 миллион доллар шамасында ғана.

Алматының тағы бір артықшылығы – климатында. Өңірдің географиялық ерекшелігі – қыста құмды жерде, жазда қар басқан таудың басында түрлі туынды түсіруге мүмкіндік береді. Ал елордадағы ауа райы керісінше. Бас қаланың қысы қарлы, ұзақ, жазда жел. Бұл даладағы түсірілімдердің сапасына әсер етеді.

Александра Поршнева, киносыншы:

– Мен киностудиялар мен кинотеатрлардың құрылысына қарсы емеспін. Мәселе олардың салынуында емес, қалай жұмыс істейтіндігінде. Жаңа нысандардың нарыққа әсері қандай болмақ, сол маңызды. Егер астаналық киноорталық соңғы уақыттағы «Қазақфильм» сияқты бірсарынды болса, әрине өкінішті.

«Отандық киноөнімдер бір-біріне ұқсас, бір сарынды. Сондықтан салаға шығармашылық серпін жетіспейді», – дейді сыншылар. 

Александра Поршнева, киносыншы:

– Өкінішке орай, киноиндустрияда 80-90 жылдардың соңы мен 2000 жылдардың басында болған жаңа қазақстандық толқын қазір жоқ. Сондықтан кейінгі өнімдердегі айырмашылық шамалы.

Мамандар телефонға кино түсіріп жүрген заманда, технологиялық мүмкіндіктердің жоқтығын айту бос сөз деп есептейді. Қазір кез келген жолмен сапалы өнім шығаруға болады. Тек өзіңе жақын жанр тапсаң болғаны. Бірақ елімізде таңдау көп емес. Қазақстандық кино саласын комедиялар мен криминалды драмалар жаулап алған.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Марк Брюшко, Ермек Кеншімбек

Хабар 24 телеарнасы