386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Алтын адам» Санкт-Петербург тұрғындарына көрсетіледі

  • 151
  • UPD: 13:35, 14.08.2019
«Алтын адам» Санкт-Петербург тұрғындарына көрсетіледі

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі құнды жәдігерлер тұңғыш рет шетелдіктерге көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Музей экспонаттарының бірегейі, біздің заманымызға дейін екінші ғасырда өмір сүрген ежелгі Сармат қорғандарынан табылған «Алтын адам» алғаш рет шекара асып барады. Қазақстан, оның ішінде Атырау облысынан аттанатын көшпелі көрме Нева қаласындағы мемлекеттік тарихи музей арасындағы келісімшартқа сәйкес Санкт-Петербургтегі Петропавловск қорғанындағы комендант үйінде 20 күн бойына көпшілік назарына ұсынылады. Еліміз бойынша Есік қорғандарынан кейін екінші «Алтын адам» осыдан 20 жыл бұрын Жылыой ауданы, Аралтөбе қорғандарына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған болатын. Бұл жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынып отыр.

Рәшида Харипова, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры:

– Аталған көрме барысында музейлер арасында меморандумға қол қойылады. Ол меморандумның негізгі мақсаты – осы көрмеден кейін музей қорындағы этнографиялық көрмелерден жылжымалы көрме ұйымдастырылады. Сонымен қатар біз баратын музейдің қорынан жылжымалы көрме біздің музейге келу арқылы халқымыз Ресей халқының тұрмыс-тіршілігімен таныса алатын болады.

Хабар 24 телеарнасы