386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудағы музейде тері мен ағаштан жасалған ыдыс-аяқ көрермен назарына ұсынылды

  • 129
  • UPD: 14:37, 15.08.2019
Атыраудағы музейде тері мен ағаштан жасалған ыдыс-аяқ көрермен назарына ұсынылды

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде халқымыздың көне замандардан келе жатқан тері және ағаштан жасалған ыдыс-аяқтары көрермен назарына ұсынылды.

Мұнда бас табақ, саба, кесеқап, қымыз немесе шұбат құюға арналған торсықтардың түр-түрі бар. Ет пен сүтке, өзге де тағамдарға арналған ыдыстар жай ғана қолөнер бұйымы емес, бұл көшпенді халқымыздың ежелден келе жатқан тұрмыс-тіршілігінің, өзге отырықшы елдерден ерекшелігінің көрінісі. Көрме алдағы бір ай бойына көпшілікке көрсетіледі. 

Динара Бисембаева, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері:

- Бұл экспонаттар халқымыздың ұлттық сал-дәстүрлері, қолөнер бұйымдарын халыққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Ағаштан түйін түйген шеберлердің ұлттық қолөнер бұйымдарын, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды кеңінен насихаттау мақсатында музей көрермендеріне ұсынылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы