387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-ның Айыртау ауданында Ботай мәдениетіне арналған жиын өтті

  • 189
  • UPD: 23:22, 16.08.2019

Биыл Солтүстік Қазақстан облысындағы «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының ашылғанына бір жыл.

Осыған байланысты Айыртау ауданында «Ботай мәдениетінің ғылыми маңызы және сақталуы» тақырыбында арнайы жиын өтті. Шара барысында саладағы бірқатар мәселе талқыға салдынды. 

Виктор Зайберт қазақ тарихын қопара іздеп жүрген жандардың бірі. Бүгінде археолог сол заман адамдарының тұрғын-жайын эсперименталды үлгісін жасауды қолға алды. Осы арқылы осыдан 5-6 мың жыл бұрын өмір сүрген ботайлықтардың тұрмыс-тіршілігін жұртшылыққа паш етпек.

Виктор Зайберт, Ботай экспедициясының жетекшісі:

- Үйдің ішкі құрылымына, жабдықталуын ерекше көңіл бөліп отырмыз. Сол кездегі адам мен оның баспанасы арасындағы байланысты барынша көрсетуіміз керек. Бір аңғарғанымыз Ботайлықтар сол кезде тоқыма технологиясын пайдаланған. Осылайша қыстың қақаған аязында олар қалай өмір сүрді? Туристерге осының барлығын көрсеткіміз келеді.

Бір ерекшелігі ботайлықтардың түрғын-жайы қазақтың киіз үйіне ұқсас. Баспаналары тіреусіз болған. Яғни осы арқылы архитектураның сол кезде дамығанын айқын аңғарамыз.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Бұрынғы Ботайлықтар үй саларда осындай алып қыштарды пайдаланған екен. Бір ерекшелігі балшықтың құрамына ол кезде жануарлардың сүйегін пайдаланған. Ол бүгінгі кезбен айтқанда арматураның рөлін атқарған. 

40 жылға жуық уақыттың ішінде аңызға толы арқа төсінен мыңдаған құнды жәдігер табылды. Әлі де талай сыр қара жер қойнауында бүгіліп жатқаны ақиқат. Сондықтан,  Ботай уақыт өткен сайын әлемдік ғалымдардың қызығушылығын арттырып отыр. Дегенмен бүгінде осы тарихи орынға жету қиын. Себебі жол жоқ. Оның үстіне «Ботай» қорығы Көкшетау ұлттық паркінің қарамағында. Ал бұл құрылыс жұмыстарын бастауға кедергі болып отыр.

Азамат Жолаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаменті басқармасының бас сарапшысы:

- Сол аумақты енді біздер қазір заңдылықтарға сай, жерді Ботай музейі қорығының меншігіне алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл заңды түрде мүмкін. Барлық заңдылықтармен қаралған. Осыған байланысты келіссөздер жүргізіліп жатыр. Оның үстіне Көкшетау Ұлттық паркінің стратегиялық жоспарында Ботай қонысын бөлек елші деп бөліп қарап, сапар орталығын салу сынды жұмыстар қаралған.

Аталған мәселе шешімін тапса мұнда мұражай, кітапхана, тіпті ипподром да салынады. Аталған шаруалар 2022 жылдың соңына дейін аяқталады деген жоспар да бар.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы