387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгиялық блогер-әнші Димаштың арқасында қалай қазақ атанғанын айтып берді

  • 116
  • UPD: 10:17, 19.08.2019
Бельгиялық блогер-әнші Димаштың арқасында қалай қазақ атанғанын айтып берді bnews.kz

YouTube желісінде 5 мыңға жуық жазылушысы бар блогер-әнші Julia Air Димаш Құдайбергеннің арқасында қалай қазақ атанғанын айтып берді.

Julia Air қазақ тілінде ән шырқайды, оның көбі – кумирі Димаштікі.

Оқырмандарының «қазақ тілін білесіз бе?» деген сауалына бойжеткен «жоқ» деп жауап қайырды. Дегенмен қазақ тілі мен қырғыз тілі ұқсас екенін жасырмады.

«Мен Қырғызстанда тудым, 19 жыл сол жақта өмір сүрдім. Содан кейін Мәскеу, ал қазір Бельгияда тұрып жатырмын. Мен не үшін қазақ болуға талпындым? Оның бірінші, әрі негізгі себебі – Димаш. Қазақ топырағы сондай талантты тұлғаны дүниеге әкелді. Ол – мықты әнші ғана емес, мейірімді, жан дүниесі нәзік жан», – деді ол.

Ол сондай-ақ Димаштың әндерін өз бетінше орыс тіліне аударып жүргенін айтты. Julia Air ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған челленджден де шет қалмай, «Көзімнің қарасы» шығармасын құйқылжыта орындады.

Хабар 24 телеарнасы