385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британ ғалымдарының қазақтар туралы кітабы ағылшын тілінде басылып шықты

  • 224
  • UPD: 17:49, 21.08.2019
Британ ғалымдарының қазақтар туралы кітабы ағылшын тілінде басылып шықты

Қазақ халқының мәдениеті мен тарихынан мол мағлұмат беретін кітап ағылшын тілінде басылып шықты.

Бұл құнды еңбек 19 ғасырда қазақ жеріне саяхат жасаған Томас және Люси Аткинсондардың қолжазбалары негізінде жинақталған. Авторы – жазушы Джон Стюарт. 86 жастағы қаламгер бүгін Талдықорғанға арнайы келді. «Рухани жаңғыру» жобасы аясында ұйымдастырылған кездесуде төл туындысын жетісулық оқырман қауымға таныстырды. Осымен екінші рет 500 данамен жарық көрген жинақ «Томас, Люси және Алатау: Сібір мен қазақ даласындағы Аткинсондардың шытырман оқиғалары» деп аталады. Онда бір жарым ғасыр бұрын Орал арқылы Алтайға сапар шеккен британдық ғалымдардың көрген-білгені, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі баяндалған. Және олардың тұмса табиғатты бейнелеген суреттері беріліп отыр. Жетісу жеріндегі қиын да қызықты сапары кезінде ерлі-зайыпты зерттеушілер нәрестелі болған екен. Баласының есімін «Алатау Тамшыбұлақ» деп атап, жергілікті халыққа деген құрметін білдіріпті.

Джон Стюарт, жазушы:

– Бұл кітапта сіздердің тарихыңызға қатысты құнды мәліметтер топтастырылған. Яғни қазақ жеріне келген британдық зерттеушінің көзқарасымен жазылған құнды еңбек. Осы сапары барысындағы қиыншылықтары мен қызықтары да баяндалған.

Хабар 24 телеарнасы