387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлытауда халықаралық ауыл жастарының форумы өтеді

  • 166
  • UPD: 14:10, 22.08.2019
Ұлытауда халықаралық ауыл жастарының форумы өтеді

Қарағанды облысының Ұлытау ауданында үш күн бойы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген мәдени шаралар өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін түс ауа мұнда халықаралық ауыл жастарының форумы басталады. Бес мемлекеттен және еліміздің 13 өңірінен жиналған белсенді жастар бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қаузамақ. Бұл күні кәсіп ашқысы келетін талапты жастарға гранттар табысталады. Ал ертең мұнда халықаралық туристік форум өтеді. Әр қиырдан жиналған туроператорлар, осы саланың кәсіби мамандары отандық туризмді дамытудың жайын пысықтамақ. Үшінші күні, яғни, 24 тамызда халықаралы «Жезкиік» музыкалық фестивалі басталады. Бес мемлекеттің өнерпаздары Арқа төсін әнге бөлейді. Ауқымды шараға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп күтіліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы