385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО тарихи-өлкетану мұражайы ерекше естеліктермен бөлісті

  • 129
  • UPD: 14:48, 22.08.2019
ШҚО тарихи-өлкетану мұражайы ерекше естеліктермен бөлісті

Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ерекше естеліктермен бөлісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зерттеушілер 1939 жылы тұтқындалып, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Борис Лапиннің Өскемендегі туысқандарына жазған хаттарын көрсетті. Ондағы әрбір сөйлем қайғы мен қасіретке, сағыныш пен үмітке толы. Ең таң қаларлығы, ол бір хатын журнал, кітап беттеріне жазса, тағы бір хатын қайың қабығына, папиросқа жазып, амалдап, отбасына жолдап отырған. Чита облысындағы лагерьден келген бұл деректердің түпнұсқасын марқұмның туыстары арнайы келіп, музейге өткізген екен. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, саяси қуғынға ұшырағандар туралы мәліметтер табу қиының қиыны. Сондықтан Борис Лапиннің түпнұсқа хатары сол кездегі лагерь өмірінен үлкен хабар беретін маңызды құжат.

Фарида Бегімханова, саяси қуғын-сүргін құрбандары арналған музейдің бөлім меңгерушісі:

- Хаттарында ол Лапин өзінің отбасына деген сағынышын,сол кезде лагерьде жүргендегі ауыр жағдайды суреттеп, отбасының, екі қызының жағдайын сұрап хат жазады. Өзінің бақшасыың қалай өсіп тұрғаныны, гүлдерінің жиналды ма деген сұрақтары сияқты отбасына тиісті сұрақтарын сағынышпен жазады.

Хабар 24 телеарнасы