386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Орталық Азия жастары» фестивалі басталды

  • 151
  • UPD: 23:44, 22.08.2019
Алматыда «Орталық Азия жастары» фестивалі басталды

Алматыда Бірінші Орталық Азия жастарының фестивалі басталды. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерімен қатар Әжірбайжаннан 300-ге жуық жас келді.

Фестивальдің алғашқы күні Шымбұлақ тау-шаңғы демалыс аймағында басталды. Әр елдің бастамашыл әрі белсенді жастары аймақтағы көші-қон, жастар саясаты мен бұқаралық спортты дамыту, өзара қарым-қатынас пен озық ойлы жобаларды іске асыру мәселелерін талқылайды. Бұл фестиваль Тұңғыш Президент қоры және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Райымбек Төлешев, студент:

- Басты мақсатымыз қазіргі кезде мүгедек адамдар бар. Сол адамдарға жұмыс тауып, басқа да белгілі бір мәселелерге үйрету. Біз оларға біріншіден «Корел Дро», «Фотошоп», СММ Маркетинг сияқты нәрселерді үйретіп, сол арқылы осы адамдар өздерінің үйлерінде немесе басқа адамдарға үйрететіндей қылып істейміз.

Хабар 24 телеарнасы