387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абайтанушылар: Еуропалық деңгейде «Абайтану» институтын құру қажет

  • 185
Абайтанушылар: Еуропалық деңгейде «Абайтану» институтын құру қажет

Еуропалық деңгейде «Абайтану» институтын құру қажет.

Бүгін елордада өткен «Абай әлемі» атты рухани-тағылымды кеш барысында абайтанушылар осындай ұсыныс тастады. Ғалымдар институт ашуға Үкіметтен жер сұрап отырғандығын айтады. Ал Абай ескерткіші жанындағы шараға қала тұрғындары мен қонақтары жиналып, рухани кештің куәсі болды. Жиналғандар ойшыл ақынның туған күнінде оның өлеңдері, қара сөздері мен әндерінен сусындады. Зиялылар хакім Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында ақынның шығармашылығын зерделеу, сол арқылы өскелең ұрпақ бойына елжандылық пен отансүйгіштікті сіңіру қажеттігін жеткізді.

Мекемтас Мырзахметұлы, абайтанушы:

– Біз еуропалық деңгейдегі «Абайтану» институтын ашуымыз керек. Еуропа ақындарының біреуі де Абай жасаған философияны, лириканы жазған жоқ. Абай мен Шәкәрімнен аса алмады.

Несіпбек Айтұлы, ақын:

– Абай осы бүгінгі күнді, тәуелсіздікті аңсап кеткен адам. Абай нұсқап кеткен парасаттың жолынан, Абай нұсқап кеткен ел билеудің жолынан біз адасатын болсақ, болашағымыздан адасамыз. Абай шырағы Елбасынан бастап, жетідегі бала мен жетпістегі қарттың алдында жататын бағдаршамы болу керек. Ол – ойдың елдіктің, елге деген елдіктің бағдаршамы.

Хабар 24 телеарнасы