389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана Балет» театры Ташкентте өнер көрсетті

  • 178
  • UPD: 19:46, 23.08.2019

Қазақстанның Өзбекстандағы жылына орай «Астана Балет» театры гастролдік сапармен Ташкентке барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өнер ұжымы көрермен қауымға алғашқы күні Айгүл Тати мен Мукарам Авахридің «Ұлы дала мұрасы» туындысын ұсынды.

Елбасы бастамасымен құрылған Астан балет театры аз ғана уақыттың ішінде талай әлемдік сахналарды бағындырды. Жас ұжым жаһандық классика жанрына өзіндік жаңа сарын алып келді деуге болады. Өйткені театр репертуарында ұлттық нақыштағы туындылар көп.

Мукарам Авахри, «Астана Балет» театрының бас балетмейстері:

- «Астана Балет» театры өзінің әртүрлі репертуарымен еркешеленеді. Қандай бір бағыт пен стильге байланып қалған емес. Әртістері ұлттық хореграфияны да, неоклассиканы да заманауи спектакльдерді де билей айлады. Соңғы кезде ұлттық мұраларға көбірек көңіл бөліп жүрміз.

Бұл ұжымның Өзбекстанға жасаған алғашқы гастролдік сапары. Дегенмен, бұған дейін қос ел басшысының Қазақстанның Өзбекстандағы жылын салтанатты ашу кезінде өнер көрсеткен болатын. Бұл жолғы артылған жүк ауыр. Дегенмен, сахнаның үлкен-кішісі болмайды. «Ең бастысы, би өнерінің мәнін ұғына білу керек», - дейді өнер иесі.

Фархад Буриев, «Астана Балет» театрының жетекші солисі:

- Бірінші күні біз «Ұлы дала мұрасы» балеттік қойылымын сахналадық. Оның жалғасы ретінде заманауи көрініс болады. Бұл екеуі екі түрлі туынды. Бірнші қойылымда біздің тамырымыз бен тарихымыз ұлттық өнерімізбен астасып жатыр. Ұлттық би өнерінің қазақ миниатюрасы көрсетілген. Екіншісі бұл заманауи неоклассикалық танго жанырымен ұштасқан балет туындысы.

Шығармашылық ұжым өзбекстандықтарға қос бірдей туынды алып барды. Оның бірі қазақ халқының өткені мен бүгінін суреттейтін классикалық жанрдағы Айгүл Тати мен Мукарам Авахридің «Ұлы дала мұрасы». Онда халық тарихының хореографиялық миниатюралары көбірек сомдалған. Ұлттық нақыштағы сахналық қойылымды тамашалаған өзбек жанкүйерлері шығыс романтикасымен, музыканың

Татьяна Вальчук, Ташкент қаласының тұрғыны:

Өте кремет әсер алдым. Өйткені заманауи әуен сезіліп тұрды. Ұлттық құндылықтар дәріптелген. Өте әдемі костюмдер мен бишілердің ырғағы керемет үйлесім тапқан.

Ашылғаннан бергі алты жыл ішінде «Астана Балет» театры Ресей, Қытай, АҚШ, Әзірбайжан, Франция, Италия, Беларусь, Бельгия сынды көрермендерді әлемдік және отандық классиктермен және заманауи жаңа туындыларымен бағындырды. Келесі гастрольдік кеште ташкенттіктерге композитор Ариф Меликовтың «Махаббат аңызы» туындысын ұсынбақ.

Авторлары: Қанат Жүнісбеков. Тимур Исмалиов

Хабар 24 телеарнасы