387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропалық деңгейде «Абайтану» институтын құру қажет - Мекемтас Мырзахметұлы

  • 147
  • UPD: 23:00, 23.08.2019
Еуропалық деңгейде «Абайтану» институтын құру қажет - Мекемтас Мырзахметұлы

Бүгін Елордада өткен «Абай әлемі» атты рухани-тағылымды кеш барысында абайтанушылар осындай ұсыныс айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғалымдар институт ашуға үкіметтен жер сұрап отырғандығын айтады. Абай ескерткіші жанындағы шараға қала тұрғындары мен қонақтары жиналып, рухани кештің куәсі болды. Жиналғандар ойшыл ақынның өлеңдері, қара сөздері мен әндерінен сусындады. Зиялылар хакім Абайдың 175 жылдығы аясында ақынның шығармашылығын зерделеу, сол арқылы өскелең ұрпақ бойына отансүйгіштікті сіңіру қажеттігін назар аударды.

Мекемтас Мырзахметұлы, абайтанушы:

Біз Еуропалық деңгейдегі Абайтану институтын ашуымыз керек. Еуропаның Абай жасаған кездегі ақындарының біреуі де Абай жасаған философияны, лириканы жазған жоқ. Абай мен Шәкәрімнен аса алмады.

Несіпбек Айтұлы, ақын:

- Абай осы бүгінгі күнді, Тәуелсіздікті аңсап кеткен адам. Абай нұсқап кеткен парасаттың жолынан, Абай нұсқап кеткен ел билеудің жолынан біз адасатын болсақ, біз болашағымыздан адасамыз. Абай шырағы Елбасынан бастап, жетідегі бала мен жетпістегі қарттың алдында жататын бағдаршамы болу керек. Ол ойдың елдіктің, елге деген елдіктің бағдаршамы.

Хабар 24 телеарнасы