387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зиярат туризмін насихаттау бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз – А.Райымқұлова

  • 215
  • UPD: 15:50, 24.08.2019

Ұлт ұясы Ұлытауда халықаралық туристік форум аясында «Қазақстандағы тарихи-мәдени мұраның туризмді дамытудағы ролі» атты ғылыми-тәжрибелік конференция өтті.

Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Туристік форум жұмысына 200-ге жуық адам қатысты. Арасында 40 мемлекеттің өкілі бар. Кешелі бері ұлы даладағы киелі жерлерді аралап көрген туроператорлар келешекте Ұлытауға туристерді әкелуге ынталы. Ол үшін ең әуелі инфрақұрылымды жақсартып, қызмет көрсету сапасын арттыру керек, ақпараттандыру жұмыстарын жандандыру қажет деді жиынға қатысқандар. Бұл мәселелер «Отандық туризмді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасында» қамтылған. Жалпы мамандардың айтуынша, Ұлытау аумағында 6 мыңға жуық тарихи-мәдени ескерткіш бар. Алайда қазір соның тек 20 пайызы ғана зерттеліп, мемлекет қоғауына алынған. Қалғаны сыр бүгіп жатыр. Жошы хан мен Алаша хан, Домбауыл кесенелері және қазақтың бірнеше ханы билік жүргізген Хан ордасы осы өлкеде. Тоқтамыс пен Едіге батырдың да жатқан жері осы қарт Ұлытау.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Этнотуризм, экотуризм, зиярат туризмі және өздеріңіз білетіндей, бірнеше туризмнің түрлерін насихаттау мақсатымен осы туризм саласындағы халықаралық және еліміздегі бірінші қатарлы туроператорларды және осы туризмде белгілі ұйымдарды шақырып, насихат жұмыстарын өткізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы