387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлытауда халықаралық «Жезкиік» музыкалық фестивалі басталды

  • 296
  • UPD: 20:28, 24.08.2019

Ұлытауда халықаралық «Жезкиік» музыкалық фестивалі өтіп жатыр.

Оның ашылу салтанатына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Ән кешіне әлемнің әр қиырынан өнер ұжымдары жиналған. Испания, Италия, Бразилия секілді бес мемлекеттің өнерпаздары шырқаған әндерді жергілікті жұрт сүйсіне тыңдады. Кеште өнер жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтіп, соңы отшашуға ұласады. Халықаралық музыкалық фестивалі енді жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұрмақ. Себебі бұл да Ұлытауға туристерді тартудың тиімді жолы, - дейді ұйымдастырушылар.

Хабар 24 телеарнасы