385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Есіктегі музейге келушілер қатары артты

  • 132
  • UPD: 18:05, 25.08.2019

Алматы облысы Есік мемлекеттік қорық-музейіне келушілердің қатары жылдан жылға артып келеді. Еліміздің брендіне айналған «Алтын адаммен» танымал бұл орталық қазіргі таңда тек тарихи жәдігерлерді сақтаумен қатар ғылыми-зерттеу мекемесіне айналды.

Мамандар алдағы уақытта да тарихи тың дүниелерді зерттеп, жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша  Қазақстанның киелі жерлерінің картасына енген Есік қорық-музейі  2010-шы жылы ашылған. Осы уақыт аралағында көптеген ғылыми жобаларды жүзеге асырып, шетелдік ғалымдармен байланыс орнатқан. Ал осы өлкеден табылған «Алтын адам» қазір Есік музейінің ғана емес еліміздің символына айналып отыр.

Әсел Жақсылықбайқызы, қор сақтаушысы:

- Ең бірінші келген қонақтардың барлығы алтын адамға шынымен қызығушылықтары өте көп. Және Алтын адам осы өңірден табылды сіздер алтын адамның отанында яғни табандарыңыз тиіп тұрған жерде осыдан  2500 жыл бұрын алтын адам жүрген деген сияқты сөздерді айтқан кезде қызығушылықтары арта түседі. Әрине ең бірінші кезекте алтын адамның шығу тегі, ол кім болған, және қалай жерленген яғни жалпы жерлеу ғұрпына қызығушылық танытып жатады.

«ЭКСПО көрмесінен кейін Есік музейіне келетін шетелдіктердің саны артты» дейді орталық қызметкерлері. Туристерге түсінікті болу үшін қорық музейіндегі экспозициялар 4 залға бөлінген. Бірінші зал- сақ мәдениеті мен тарихына арналса, екіншісі -«Алтын адамның» тарихынан сыр шертеді. Ал үшінші залда- «Қазақстан археологиясы» туралы мәліметтер , одан кейінгі зал уақытша көрмелерге арналған.

Әсел Жақсылықбайқызы, қор сақтаушысы:

- Атауы неге былай аталды дегенде таңбалар петроглифтерден ою өрнекке дейінгі деген. Яғни жоғарыдағы аңдық стиліміз петроглифтерге түскен суреттердің барлығы ешқайда кеткен жоқ. Сол мағынасымен біздің салт-санамызға сіңіп, ою өрнегімізге ауысқанын біз сол жерде көрсеткенбіз.

Біздер музейге келген кезде бір топ  Австриялық туристерді кездестірдік. Шетелдік қонақтардың арасында түрлі сала өкілдері бар екен. Тарихшы Максимилиан мырзаны әңгімеге тарттық.   

Максимилиан Гротхаус,  тарих ғылымдарының докторы /Австрия/:

- Мен Қазақстанға алғаш рет келуім. Ресейде оқып жүргенде ТМД елдерінің тарихын зерттеген болатынмын. Содан Қазақ елінің киелі жерлерін көру арманым болды. Кеше Түркістан мен Ордабасы және Шымкентте болдық. Бүгін міне Есік мүзейіне келіп тұрмыз. Керемет әсер алдым. Менің тарихтан біле бермейтін тың мәліметтер  бар екеніне көз жеткіздім.

Қазіргі таңда музей мамандары Өрнек қорымында қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Рахат қалашығындағы 2016 жылы басталған зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Енді ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша  халықаралық ғылыми конференция өткізбек. 

Досым Зікірия, музейдің ғалым-хатшысы:

- Қазақстандық ғалымдар қатысатын және сонымен атар шетелдік әріптестер қатысатын ғылыми конференция ұйымдастырамыз. Жәй ғана зерттеу жұмыстары емес.Бұрындары ғылыми ортаға белгісіз болып келген жаңа бір ғылыми деректерді ,тағыда бір ғылыми ескерткіштер ашылады деген ойдамыз.

Қазіргі кезде жергілікті жұрт та музейге жиі келе бастады. «Бұл халықтың күннен-күнге мәдениетіміз бен тарихымызға деген қызығушылығы артып, рухани жаңғырып жатқанының белгісі» дейді музей қызметкерлері.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Радик Жақыпов

Хабар 24 телеарнасы