387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада дәстүрлі корей музыкасының концерті өтті

  • 126
  • UPD: 20:25, 25.08.2019
Елордада дәстүрлі корей музыкасының концерті өтті

Нұр-Сұлтанда Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестіктің 10 жылдығына арналған концерт өтті.

Елордада Сеул қалалық дәстүрлі оркестрінің қатысуымен Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестіктің 10 жылдығына арналған концерт өтті.

Іс-шараны Корей Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Концертті Сеул қалалық дәстүрлі оркестрі өткізді. Ол - Корей Республикасындағы ең үздік дәстүрлі музыка оркестрі. Оркестр 1965 жылы құрылған. Оның басты мақсаты - корей дәстүрлі музыкасын әлемге танытып, тарату.

Шараны ашқан Корея Республикасының Елшісі Ким Дэсик өз сөзінде қазақстандықтардың корей мәдениетіне қызығушылық танытатынына және болашақта елдердің екіжақты қарым-қатынасына үлкен әсер ететініне сенім білдірді.

Айта кетейік, салтанатты шараға дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, Нұр-Сұлтан қаласындағы корей диаспорасының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

elorda.info

Хабар 24 телеарнасы