386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақтың «Құсни Қорланы» америкалық өнерпаздың жүрегін баурап алды

  • 143
  • UPD: 09:34, 26.08.2019

Ұлы даланың әуендерін зерттеп білуге талпынған нью-йорктік Лари Уилсон халық әнінің керемет әуездігін айтады.

Сондықтан «Құсни Қорлан» әнін қазақ мәдениетінің асыл мұрасының бірі деп санайды. Ұлы дала музыкасын енді танып біліп жатқан америкалық музыкант Қазақстанға келуді армандайды. 

Лари Уилсон, америкалық музыкант:

– Шет елдерге саяхаттағанды ұнатамын. Жапония, Канада, Еуропада болдым. Ал Қазақстанды музыка арқылы танып, біліп жатырмын. Сіздің елдің әндерінің мағынасы терең, ерекше әуезді және тарихпен сабақтас. Оның ішінде «Құсни Қорлан» әні маған өте ұнайды. Мұндай әдемі әнді бұған дейін естімеппін. Тыңдағанда адамды бірден баурап алады. Жалпы сіздің елдің мәдениеті туралы көбірек білсем деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы