389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудың драма театрында жоспарлы шараның ешбірі кейінге шегерілмейді

  • 293
  • UPD: 10:16, 27.08.2019

Екі ай бұрын ғана 800 млн теңгеге жуық қаржыға күрделі жөндеуден өткізіліп, күні кеше өртеніп кеткен Атыраудағы Махамбет атындағы академиялық театр жыл соңына дейін қалпына келтіріледі.

Өнер ордасын толық жөндеуден өткізуге 20-дан астам жергілікті компания өз еріктері мен демеуші ретінде қолдауға ұсыныс білдірген. Сонымен қатар театр қызметкерлері мен өнер сүйер қауым өкілдерінен құрылған еріктілер тобы да ғимарат ішін қалпына келтіру жұмыстарына бір адамдай атсалысып жатыр. Атап айту қажет, қыркүйек айының 19-ы күні театрдың жаңа маусымының ашылу салтанаты өту қажет болатын. Басқа түскен қиындыққа қарамастан театр басшылығы жоспарда тұрған ешбір шараның мерзімі кейінге шегерілмейтіндігін мәлім етті. Сонымен қатар өнер ордасында қызмет ететін 200-ге жуық маманның ешбірі қысқартылмайды және жалақыларын да тұрақты алып отырады.  

Берік Жәменов, Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының басшысы:

-Жұмыс бұрынғы қалпында жүреді. «Құрманғазы» атындағы мәдениет сарайымен келісіміміз бар, шараларымыздың барлығын жоспарлы түрде енгіздік. «Балықшы» мөлтек ауданындағы «Жастар» мәдениет сарайы бар. Бұлармен де келісіп болашақ айлардағы шараларымыз бен спектакльдеріміз, қойылымдарымыз солай өтіп жатады.

Хабар 24 телеарнасы