389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Данэлия Тулешова қазақ тіліндегі әніне бейнебаян түсірді

  • 340
  • UPD: 12:30, 27.08.2019
Данэлия Тулешова қазақ тіліндегі әніне бейнебаян түсірді inform.kz

Жас әнші Данэлия Тулешова қазақ тіліндегі «Мама» атты әніне бейнебаян түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлықпан Жолдасов пен Камила Дайырованың әні 21 маусымда тыңдарманға таныстырылады.

Бейнебаянның проморолигі қысқа уақыттың ішінде жүз мыңдаған қаралым жинап үлгерді.

«Біз әр тыңдаушының жанын түбірімен қозғайтын ән іздедік. «Мама» әні – сол талапқа сай композиция. Осындай талантты авторлардың әнін орындауға мүмкіндік  берген тағдырыма ризамын. Әрине, клипті түсірген кезде көп еңбектендік. Бірнеше идея болды. Бірақ, жаныма жақын нәзік жандылардың басын қосатын нұсқа ұнады. Анам да, әжем де, сіңлім Амели де өз рөлдерін тамаша ойнап шықты. Нәтижесі өзіме ұнады! Өте әсерлі және әдемі туынды шықты», - дейді әншінің өзі.

Сюжет бойынша Данэлияның жанұясындағы нәзік жандылар түрлі уақыт кезеңінде көрсетілген. Амели Тулешова арғы әжесінің балалық шағын сомдап, туған ауылында асыр салып жүреді. Ал анасы оны үйде күтіп отырады. Енді бірде анасы қызын аялап, қорғаушы болып әрдайым Данэлияның жанынан табылады.

«Менің ойымша, мұндай сюжет әркімнің жанына жақын тиеді. Анамыз бен әжелеріміз жайлы әрқашан жақсы ойлар ғана ойлаймыз. Өйткені, олар болмаса, біз де болмас едік қой. Сондықтан клип аналарға, ана бейнесіне, ана қамқорлығына арналған», – дейді Данэлия.

Видеоролик Алматыдағы NOMAD этно-орталығы мен Медеу шатқалында түсірілген. Оның таныстырылымын Gakku музыкалық телеарнасы мен сандық музыкалық платформаларында 27 тамызда өткізу жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы