387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Самарқанда «Шығыс әуендері» фестивалi басталды

  • 132
  • UPD: 12:54, 28.08.2019
Самарқанда «Шығыс әуендері» фестивалi басталды

Самарқанда «Шығыс әуендері » атты өнер фестивалі өз шымылдығын түрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осымен он екінші рет өткізіліп отырған шараға әлемнің 75 елінен 300-ден астам өнерпаз жиналды. Дәстүрлі шараға бұл жолы арысы Алтай мен Батыс, берісі Орталық Азия мен Африка, тіпті ирандық өнерпаздар да қатысып жатыр. Олар көненің көзіндей болған ұлттық этностильде би билеп, ән шырқайды. Халықаралық өнер додасына шығысқазақстандық «Бабалар сазы» этно-ансамблі де қатысып жатыр. Ұжым Алтай-Тарбағатай мектебінің өте көне нұсқаларынан «Үш теке», Нұрғиса Тілендиевтің «Жекпе-жегі» мен «Аққуын» және соңғы кездері қазақ музыкасының қорына қосылған «Қара жорғаның» этно-фольклорлық күйлерін орындайды. Осылайша, Шығыс сахнасында еліміздің аса құнды музыкалық жәдігерлері насихатталмақ.

Шәкен Көпшікбаева, ШҚО Тарбағатай ауданы ақсукент мәдениет үйінің басшысы:

- Бұл этно-стильде жанды дауыста өнер көрсету ешқандай нотаға бағынбайды. Әрбір орындаушының өзінің шығармашылық фантазиясы деп айтуға болады. Бұл біздің өнерпаздарымыздың өте үлкен шеберлігінің фонораммасы көрінетін жер.

Хабар 24 телеарнасы