389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда жыршы-термешілер байқауы өтті

  • 212
  • UPD: 15:16, 28.08.2019
Талдықорғанда жыршы-термешілер байқауы өтті

Талдықорғанда «Текті сөздің төресі – терме» атты жыршы-термешілер байқауы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орайластырылған шара Сүгір Бегендікұлының 125 жылдық мерейтойына арналды. Оған аудан-қалалық іріктеуде жеңімпаз атанған 16 өнерпаз қатысып, бір-бір шығармадан орындады. Қазылар алқасы үміткерлердің өнерін бес аталым бойынша бағалады. Яғни, таңдаған туындының өзектілігі, мазмұны мен тереңдігіне баса назар аударды. Шырқау шеберлігі мен тіл тазалығы, сахна мәдениеті де ескерілді. Байқаудың бас жүлдегері енді республикалық сайыста бақ сынайды.

Ермек Рахымбай, байқау жеңімпазы:

- Біздің Жетісудың жыр мектебінің мақам саздарын, оның әуендік құрылымдарын жеткізуге тырыстық. Жетісуда қандай керемет жыршылар өткен. Олардың жыр дастандарын республика көлемінде танытуға тырысамыз.

Айдар Башбаев, облыстық тілдірді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы:

- Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі қарсаңында біз он түрлі шара жоспарлаған болатынбыз. Соның аясында он түрлі шара өтеді. Оның ең негізгісі Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін «Ақ қауырсын» жүлдесі жарияланған болатын, бұның басты тақырыбы жастар жылына қатысты болғаннан кейін «Жырлайды жастар» деп алдық. Осы байқау тілдер күні қарсаңында қорытындыланып, марапаттайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы