387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда «Түркі әлемі» фестивалі басталды

  • 208
  • UPD: 20:45, 28.08.2019

Қостанай төрінде халықаралық деңгейде халық аспаптары ансамбльдері фестивалінің шымылдығы түрілді.

Өнер додасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Түркі әлемінің генезисі» жобасын жүзеге асыру аясында өтіп жатыр. Дәл қазір осы фестивальді әріптесім Данияр Сұлтан тамашлап жүр. Данияр, қайырлы кеш! Фестивальге алыстан ат артып келіп жатқандар да бар шығар? Жиналған қауымның әсері қандай?

Бүгін Қостанай төрінде халықаралық деңгейде халық аспаптары ансамбльдері  фестивалінің шымылдығы түрілді. Өнер додасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Түркі әлемінің генезисі» жобасын жүзеге асыру аясында өтіп жатыр. Дәл қазір фестивальдің басы-қасында әріптесім Данияр Сұлтан жүр. Данияр, қайырлы кеш! Фестивальге кімдер қатысып жатыр  және жиналған қауымның қандай әсері қандай?     

Данияр Сұлтан, тілші:

- «Мәдениет кеңістігі - сенім кеңістігі» ұранымен өтіп жатқан фестиваль қатысушыларына еркіндік берілген. Яғни шақырту алған ұжымдар өздері дайындап әкелген нөмірлерін ұсынып жатыр. Әрқайсысының репертуары бірін-бірі қайталамайды. Іс-шара сонысымен ерекше.    

Фестивальдің этникалық палитрасының жомарттығы, бағдарламасы көрермендерге түркі тілді халықтарының бірегей ұлттық мәдениетімен танысуға, ал қатысушыларға қазақ салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы өз түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Дәл қазір  Қырғызстан, Өзбекстан, Башқұртстан республикасынан келген өнер иелері сахна төрінде көрермендер қошеметіне бөленіп жатыр. Ұйымдастырушы тарап Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы болып табылады. Жалпы, өнер додасында Қостанай атынан осы филармонияның қазақ халық аспаптары оркестрі сынға түсуде. 2009 жылы құрылған оркестр осы күнге дейін бірталай республикалық және халықаралық фестивальдердің жеңімпазы атанып үлгерген. Өнер додасына тайынан тарландармен тайталасқан, жас та болса болған бір ұжым қатысып отыр. Ол Ташкенттен келген «ИСТЕЪДОД» дутаристер ансамблі. Кілең өрімдей өнерпаздардан құралған ансамбль халықаралық байқауларда бірнеше мәрте топ жарып, Өзбекстанды мәшһүр етті. 

Халық аспаптар ансамбльдерінің фестивалі бағдарламасы екі күнге жалғасады. Ертең гала-концерт өтеді деп жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы