389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда халық аспаптары ансамбльдері фестивалі басталды

  • 186
  • UPD: 14:49, 29.08.2019
Қостанайда халық аспаптары ансамбльдері фестивалі басталды

Қостанай төрінде халықаралық деңгейде халық аспаптары ансамбльдері фестивалі басталды.

Өнер додасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Түркі әлемінің генезисі» жобасын жүзеге асыру аясында өтіп жатыр. Онда елімізден бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Башқұртстан Республикасының ұжымдары сынға түседі. Шақырту алған қатысушылар өздері дайындап әкелген нөмірлерін ұсынады. Бір ерекшелігі, әрқайсысының репертуары бірін-бірі қайталамайды. Фестиваль бағдарламасы бүгін гала-концертпен мәреге жетеді.

Ерлан Қалмақов, облыстық мәдениет басқармасының басшысы:

– Фестиваль аясында шеберлік кластар өткізіледі. Музыкалық аспаптарды орындау шеберлігі бойынша тәжірибе алмасады. Сонымен қатар репертуарлық бағдарламасы жағынан үлкен тәжірибе алмасып жатыр. Мысалықазақ оркестрі башқұрттың я болмаса қырғыздың шығармасын орындаса, керісінше, өзбектің оркестріқазақ шығармаларын орындайды. Бұл дегеніміз – үлкен рухани тығыз байланыс орнауының айқын көрінісі.

Хабар 24 телеарнасы