387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Құдайберген итальян тіліндегі жаңа әнін көпшілікке таныстырды

  • 137
  • UPD: 14:47, 29.08.2019
Димаш Құдайберген итальян тіліндегі жаңа әнін көпшілікке таныстырды inform.kz

Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Сочиде өткен «Жаңа толқын - 2019» ән байқауында итальян тілінде ән шырқады.

«Passion» (Құмарлық) деп аталатын жаңа туындының сазын – танымал композитор Игорь Крутой, сөзін – ақын Лилия Виноградова жазған.

Айтулы шарада өнер көрсеткен сәтін әнші өзінің instagram аккаунтына салды.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген Татарстан астанасында өткен WorldSkills Kazan 2019 шарасында ән айтып, кейін Татарстан президентімен кездескен еді.

Сондай-ақ осы қалаға сапары кезінде ол балалар хосписіне арнайы ат басын бұрып, кішкентай жанкүйерімен жүздесті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

New song - Passion

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Хабар 24 телеарнасы