385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасында жаңа телехикая көрерменге жол тартпақ

  • 178
  • UPD: 21:38, 29.08.2019

«Хабар» телеарнасы жаңа маусымда көрерменге әдеттегідей тың жобаларын ұсынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солардың бірі – «Балтакөлде бақытым» деп атаатын телехикая. Бұл туынды ұстаздардың мәртебесін көтеруді мақсат тұтқан. Ол күздің алғашқы күні көрерменге жол тартады.

25 жастағы Дәурен педагогикалық институттың түлегі. Ол әскерге бармау үшін Жоғары оқу орнына түсіп, балы ең төмен факультетті таңдайды. Оның мақсаты – бала оқыту емес, оқуын тамамдаған соң жеке кәсібін ашу. Алайда, жас жігіттің тағдыры мүлде басқа бағытта өрбиді. Ол оқу орнының талабымен алыс ауылдың мектебіне аттанады.

Болат Әбділманов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Сериалдың негізгі мақсаты ұстазды – құрметтеу, ұстазды ұлықтау, ұстазды биікке көтеру. Өзі қаланың баласы, сол ауылға барып, ауылға деген өзінің ой-пікірін өзгертіп, нағыз өзінің бақытын тапқаны туралы баяндалады.

Телесериалдағы негізгі оқиға Түркістан қаласының маңындағы Балтакөл ауылында түсірілген. «Қарбаласқа толы ауыл тіршілігі, шашының әр талы шәкірт тәрбиесі үшін ағарған ауыл ұстазының өмірі көрерменге ой салады», - дейді фильм режиссері. Негізгісі – адамның өмірден өз жолын табуы.

Медет Ілгедаев, қоюшы-режиссер:

- Адам өзінің бойындағы қасиетін кейде аша алмай, көре алмай немесе бағалай алмай жатады. Бұл жерде оны сезіне білуі, одан кейін жанындағы онымен араласқан адамдардың арқасында сол нәтижеге жетуі суреттеледі.

Қалалық жігіттің ауылда біржола қалуына не себеп болды? Дәурен о бастағы мақсаты кәсіпкерлікке қол жеткізді ме әлде әскерге аттанды ма? Мұны 2 қыркүйектен бастап «Хабар» телеарнасында көрсетілетін 15 бөлімді «Балтакөлде бақытым» телехикаясынан біле аласыздар.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Нұрдәулет Жақсыбаев

Хабар 24 телеарнасы